- Барлық ақпарат
Юньнаньда И ұлты кестелерінің көрмесі өтті (10)
(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 13 шілде
13 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 10-14 шілде аралығында Юньнань өлкесінің Чусион И автономиялы облысы Наньхуа ауданында И ұлты кесте мәдениетінің аптасы өтті. Бұл аралықта материалдық емес мәдени мұра тауарлар көрмесі де өткізілді.
Соңғы жылдары Наньхуа ауданы материалдық емес мәдени мұраны қорғауға үлкен мән беріп, материалдық емес мәдени мұраны сән трендтерімен біріктірді, дәстүрлі кесте тігудің инновациялық әдістерін енгізді, кесте стильдері мен композицияларын заманауи формамен дамытты және қарапайым бұйымдарды талғампаз тауарларға айналдыру үшін танымал элементтерді енгізді. 2022 жылы Наньхуа ауданындағы И ұлты кесте өнеркәсібінің сатылымы 34,89 миллион юаньды құрады, жылдық өсу қарқыны 60%-дан асты.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online