Шыңжаңның Байынғолын облысы ежелгі Милан қаласының жұртында туризм жанданды (5)

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 12 шілде
Шыңжаңның Байынғолын облысы ежелгі Милан қаласының жұртында туризм жанданды

12 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаңдағы Байынғолын облысы Чарқылық ауданында орналасқан ежелгі Милан қаласының жұртында туризм жанданды. Мұнда туристер байырғы қаланың жұртын көріп, көркем көріністен ләззат алады және ежелгі мәдениеттің рухын сезінеді.

Ежелгі Милан қаласының қирандыларында байырғы бекіністер, ғибадатханалар және Маяк мұнаралары сияқты негізгі құрылыстар сақталған. Ежелгі қала жұрты 4А деңгейіндегі ұлттық туристік сахнаға айналды. Милан - салыстырмалы түрде жақсы сақталған Хань және Тан әулеттерінің маңызды жәдігері және ұлттық деңгейдегі мәдени ескерткіштерді қорғау орны. Ертедегі Милан қаласы Ұлы Жібек жолының Оңтүстік бағытындағы гүлденген орталық және Орталық Азияға кіріп-шығатын маңызды сауда жолы болған.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото