Шыңжаңның Баркөл ауданы сахарасында дүбірлі спорттық іс-шаралар өтті (5)

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 10 шілде
Шыңжаңның Баркөл ауданы сахарасында дүбірлі спорттық іс-шаралар өтті

10 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 2023 жылғы 8 шілдеде Шыңжаңның Баркөл қазақ автономиялы ауданы Баркөл жайлауында 2023 жылғы спорттық іс-шаралар өтті. Ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы ауылдарының көптеген халық әртістері мен барлық этникалық топтың өкілдері кең жайлауға жиналып, аю биі, бүркіт биі, қыз қуу және жерден теңге ілу сияқты материалдық емес мәдени мұраның жобалары мен дәстүрлі спорттық ойындарын орындады. Сондай-ақ ат бәйге, түйе бәйге, палуанға түсу қатарлы дәстүрлі спорттық жарыстар өтті. Мыңдаған жергілікті тұрғын мен жер-жерден келген туристер Баркөл ауданының кең сахарасында жүректері тоғысып, этникалық азшылық топтарының дәстүрлі спорттық жарыстарын тамашалап, қызығына батты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото