Бейжіңде жоғары температура туралы қызыл ескерту жасалды (3)

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 6 шілде
Бейжіңде жоғары температура туралы қызыл ескерту жасалды

6 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Тілші Бейжің метеорологиялық бюросынан жергілікті температура 40,1℃-қа дейін көтерілгенін білді. Кеше және бүгін қатарынан ауа температурасы 40℃-қа жетті. Мұндай қапырық жаз шілде айының тарихында бірінші рет орын алды.

Сонымен қатар, тілші 6 шілдеде сағат 13:00-ден бастап, Бейжіңнің көптеген аумақтарындағы ауа райы станциялары бақылаған жер бетінің температурасы 60℃-дан асқанын білді.

Талдауға сәйкес, жоғары температуралы ауа райының бұл кезеңі ұзаққа созылады және жергілікті қарқыны күшті. Солтүстіктегі кейбір өңірлерде өте ыстық ауа райының сақталуы да сәйкес мезгілде сирек кездеседі.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото