- Барлық ақпарат
Шыңжаңдағы Алтай полициясының «масалар патшалығында» шекараны қалай күзететінін қараңыз (5)
5 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаңдағы Алтай шекара басқармасы отрядының Көктоғай Орталық шекара полиция учаскесінің қызметкерлері бірнеше күн бойы масалар қаптаған жағдайда шекара күзетін жүргізді. Алтай аймағы Қаба ауданының солтүстігі мен Ертіс өзені іргелес жатыр. Масасының көптігіне байланысты аймақ әлемдегі төрт «масалар патшалығының» бірі ретінде белгілі.
Соңғы жылдары Шыңжаңдағы Алтай шекара отряды Көктоғай орталығының Шекара полиция бөлімшесінің масадан қорғаныс құралдары үнемі жаңартылып отырды. Соған қарамастан масалардың алдын алу мүмкін емес.
Мәліметтерге сәйкес, бұл аймақта масалардың көптеген түрлері бар. Олар өте улы және барлық жерді жайлап алған. Полиция қызметкерлерінің денесінен масаның шаққан орнын көруге болады.
Полиция өкілдері қызмет иттерін ертіп, маса мен қапырық ыстыққа төзіп, Отан шекараларының тыныштығы мен тұрақтылығын қорғап келеді.
people.cn © People's Daily Online