- Барлық ақпарат
«Күнді қорғайтын халық» «Уригун» ұлттық дәстүрін насихаттады (4)
(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 3 шілде
3 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 2 шілдеде 11-інші Хэжэ халқының Уригун жиналысы сахнасында дәстүрлі костюмдер киген Хэжэ ойыншылары өнер көрсетті.
Сол күні «Қытайдың Шығыс полюсі» Хэйлунцзян провинциясының Фуюань қаласында Хэжэ халқының 11-інші Уригун жиналысы өтті. Бейжің, Харбин, Цзямуси, Шуаняшань және басқа да өлкелерден келген 15 команданың мүшелері ән айтып, би биледі. Хэжэ халқының дәстүрлі дағдылары бойынша жарыс ұйымдастырды. Қатысушылар көпшілікке фестиваль тамашасын сыйлап, Хэжэ мәдениетін насихаттады.
Уригун, хэжэ тілінде «қуаныш», «көңілді» дегенді білдіреді. Уригун жиналысы-мәдениет, өнер, спорт, тіл, тағам және дәстүрлі қолөнерді біріктіретін салт-дәстүрге негізделген халықтық мәдени шара.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online