- Барлық ақпарат
Цинхайдың Цзянюань ауданында алғаш рет жер асты өзендері сияқты типтік ежелгі карст рельеф формалары табылды (2)
30 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 28 маусымда өз тілшілеріміз Цинхай полярлық табиғи ресурстарды ғылыми-зерттеу институтынан алған ақпаратына сәйкес, жақында Цинхай полярлық табиғи ресурстарды ғылыми-зерттеу институтының командасы Цинхайдың Цзянюань аумағынан алғаш рет Янцзы мен Ланцан өзендерінің бастау аймағында ежелгі карст рельефі бар екенін анықтады. Олардың әртүрлі формалары және белгілі бір аймақтық айырмашылықтары бар.
Солтүстік ендіктің 33 градус 30 минутында орналасқан Янцзы мен Ланцан өзендерінің тармағында алғаш рет Батандағы жер асты ыстық су арығы, Ниечачюйдегі тау тесігі, Танфандағы агломерат шөгінді жартасы, Ланцан өзенінің саз-балшық шұңқырындағы көл сияқты ежелгі карст рельеф формалары табылды.
Цзянюань ежелгі карстының қалыптасу дәуірі негізінен жаңа үшінші тропиктік-субтропиктік ортамен байланысты. Ол кезде Цзянюанның теңіз деңгейінен биіктігі шамамен 1000 метр болған. Плиоценнен бастап Цзянюань шамамен 3 000-3 200 метрге көтерілді деп есептеледі. Ежелгі карсттың ашылуы Цинхай-Тибет тауларының көтерілуінің ұтымды дәлелі саналады.
people.cn © People's Daily Online