- Барлық ақпарат
Қытайдың Чжэцзян өлкесі көркем ауылдардың құрылысын тездетуде (6)
21 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 2003 жылдың маусымында Чжэцзян өлкесінің партия комитеті «Чжэцзянның ауылдық жерлерін жасыл жандандыру бағдарламасын» (Zhejiang's Green Rural Revival Program) жүзеге асыруға кірісті. Өлкенің 40 000 ауылының 10 000-ға жуық әкімшілік ауылы кешенді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін таңдалды. Сөйтіп, 1000-ға жуық аймақ гүлденген көрікті ауылдарға айналды. Соңғы 20 жыл ішінде аталмыш шара тұрақты түрде алға жылжып, Чжэцзян ауылдарын көркем мекенге айналдырып, өлке тұрғындарын бақытқа кенелтті.
2018 жылдың қыркүйегінде «Чжэцзянның ауылдық жерлерін жасыл жандандыру бағдарламасы» (Zhejiang's Green Rural Revival Program) Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының осы саладағы ең жоғары - «жершары чемпионы» сыйлығымен (Champions of the Earth Award) марапатталды.
people.cn © People's Daily Online