Орманды алқаптағы бұғылар байқауы (4)

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 21 маусым
Орманды алқаптағы бұғылар байқауы

21 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Ішкі Моңғол автономиялық регионынадғы Хулунбуирдің Гэньхэ қаласында «Бұғы патшасы» атты іс-шара басталды. Аолугуя Эвенке этникалық ауылындағы 27 бұғы иелері «Т платформасына» шығып, бағымдағы бұғыларының басты сипаттарын әйгіледі.

Сайыста бағалаудың негізіне сайттағы демонстрация әдісі қолданылды. Төрешілер бұғылардың дене тұрқына, мүйіздерінің пішініне және жүнінің жылтырлығына қарап, бағалау жасады. Бұғылар иелерінің нұсқауымен алға жүру, шегіну, айналу сияқты әрекеттерді орындап, өздерінің ерекшеліктерін көрсетті.

Аолугуя - Қытайдағы бірден бір бұғы тайпасы. Олар жыл бойы Ішкі Моңғолдағы Дасинъанлинь орманы арасында бұғы бағып, тіршілік етеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото