100 метрлік айдаһар қайық

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 19 маусым

19 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Хунань провинциясының Йян қаласындағы Ланси қалашығында ұзындығы 99,9 метр болатын, 420 ескекші отыра алатын, қос ескекті айдаһар қайық ресми түрде өзенге түсірілді.

Айдаһар қайықтары фестивалінің келуін қарсы алу үшін Ланси қалашығындағы Бэйань жаңа ауылы 100 метрлік бірегей қос ескекті айдаһар қайығын жасады (Отырған ескекші мен тік тұрған ескекші бір орында бір жолда есе алатын етіп жасалған қайықты Қос ескекті айдағар қайық деп атайды). Айдаһар қайығында 106 қатар бар, оған 420 ескекші отыра алады.

2016 жылы қос ескекті айдаһар қайығы Хунань провинциясының материалдық емес мәдени мұра тізімдерінің төртінші тобына енгізілген болатын.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото