Үшінші Цинхай халықаралық экологиялық көрмесі ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 19 маусым
Үшінші Цинхай халықаралық экологиялық көрмесі ашылды

19 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 15 маусымда үшінші Цинхай халықаралық экологиялық көрмесі ашылды.

Көрме ел ішінде де, шетелде де үлкен назар аударды. Көрмеге Біріккен Ұлттар Ұйымы және Дүниежүзілік сауда ұйымы сияқты 12 халықаралық ұйым мен шетелдік институттардың өкілдері, бүкіл ел бойынша 31 өлке-регион-қаланың үкімет, экономика және сауда өкілдері, Сянган, Аомэнь және Тайвань іскер топтарының өкілдері, Америка Құрама Штаттары, Германия, Жапония, Австралияны қоса алғанда 37 елдің Қытайдағы дипломаттары және бизнес-қауымдастықтардың, кәсіпорындар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сонымен қатар Қытайдағы (Цинхай) халықаралық экологиялық көрме аясында 2023 жылы Цинхайда тибеттік кілем тоқудың халықаралық көрмесі бір уақытта өткізілді. Иран, Пәкістан, Үндістан, Непал, Ауғанстан, Түркия, Қазақстан және т.б. сияқты 10 елдің 67 компаниясы Тибет кілемдерінің көрмесіне қатысты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото