Ханчжоудағы 19-шы Азия ойындарындағы алаудың оты Лянчжу ежелгі қаласының тарихи саябағында сәтті алынды (3)

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 16 маусым
Ханчжоудағы 19-шы Азия ойындарындағы алаудың оты Лянчжу ежелгі қаласының тарихи саябағында сәтті алынды

16 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 15 маусымда Ханчжоудағы Азиялық ойындарға 100 күндік кері санаққа орай, Ханчжоудағы Лянчжу ежелгі қаласының тарихи саябағының Дамоцзяо Тауында Ханчжоудағы Азия ойындарының алау отын алу рәсімі ойдағыдай өтті.

Ақпараттарға сәйкес, алау отын жинау рәсімі аяқталғаннан кейін, қыркүйек айының ортасында Ханчжоу қаласының Шиху көлінде Алау жағу және 19-шы Азия ойындарының от эстафетасын бастау рәсімі өтеді.

Осыдан кейін алау Чжэцзянның 11 қаласын айналады. Сонымен қатар «цифрлық алау эстафетасы» онлайн платформалар арқылы Қытайдың әртүрлі қалаларында және Азия елдері мен аймақтарында онлайн режимінде ұйымдастырылады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото