Ханчжоудағы 19-шы Азия ойындарының медалі ресми түрде жарияланды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 16 маусым
Ханчжоудағы 19-шы Азия ойындарының медалі ресми түрде жарияланды

16 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 15 маусымда Ханчжоудағы Азия ойындарына 100 күндік кері санақ тақырыбындағы іс-шарада Ханчжоудағы Азия ойындарының «Хушань» медалі ресми түрде жарияланды.

«Хушань» медалінің формасы 5000 жылдық тарихы бар Лянчжу өркениетіне негізделген. Азия ойындарының медальдерінің дизайнында алғаш рет төртбұрышты шаршы нефрит пен дөңгелек медаль біріктірілді. Медальдің алдыңғы жағында Ханчжоу қаласының пейзажы бейнеленген; медальдің артқы жағы төртбұрышты мөр түрінде жасалған, яғни спортшылар Ханчжоуда өткен Азия ойындарында өз таңбасын қалдыратынын білдіреді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото