Шыңжаңның Бурылтоғай ауданындағы малшылар жазғы қонысқа көшті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 9 маусым
Шыңжаңның Бурылтоғай ауданындағы малшылар жазғы қонысқа көшті

9 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 6 маусымда Шыңжаңның Алтай аймағы Бурылтоғай ауданындағы малшылар көктеуліктен жайлауға қоныс аударды. Маусым айының басында Бурылтоғай шопандары судың тұнығын, шөптің шүйгінін іздеп, отар көшуін бастады. Шопандар аттарын ерттеп, қоралы қой, табын-табын сиырларын айдап, Сарбұлақ көктеулігінен жайлауға қарай беттеді. Соңғы жылдары Шыңжаңның Бурылтоғай ауданы табиғи жайылымды қорғаудың бірталай тиімді шараларын іске асырды. Жердің экологиялық ресурстарын тиімді қалпына келтіріп, мал шаруашылығының сапалы дамуына берік негіз қалады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото