- Барлық ақпарат
2023 жылғы Қытай ғылыми-фантастикалық конференция Бейжіңде өтті (5)
1 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Бейжіңнің Шицзиншань аумағы, Шоуган саябағында 2023 жылғы Қытай ғылыми-фантастика конференциясы басталды. «Ғылым мұраты - болашақты құру» тақырыбына арналған конференция 4 маусымға дейін жалғасады. Конференция аясында төрт бағыт бойынша барлығы 40 іс-шара өткізіледі. Мысалы тақырыптық форумдар, ғылыми фантастикалық көрмелер, ғылыми-фантастикалық іс-шаралар және ғылыми фантастикалық карнавалдар ұйымдастырылады. Жоғары деңгейлі ғылыми-фантастикалық платформалар мен әр тарапты инновациялық көріністер көпшілікке ғылыми-фантастикалық сахна ұсынады.
Қытайдың ғылым және технологиялар қауымдастығы Ғылым мен инженерия департаменті министрінің орынбасары Пан Сяодун ғылыми-фантастикалық конференция барысында ғылыми-фантастикалық фильмдер кеші және «фантастика ғаламы» сыйлығының марапаттау рәсімі сияқты іс-шаралардың өткізілетінін айтты.
people.cn © People's Daily Online