- Барлық ақпарат
Оңтүстік Қытай теңізінде ертеде батып кеткен екі кеме табылды (8)
![]() |
22 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 21 мамырда Қытайдың мемлекеттік Мәдени жәдігерлер басқармасы, Қытайдың Ғылым және технологиялар министрлігі, Қытай Ғылым академиясы, Хайнань өлкесінің Халықтық Үкіметі және басқа бөлімшелер Қытайдың Хайнань өлкесіндегі Санья қаласынан терең теңіз археологиялық жұмыстарында қол жеткізілген маңызды жетістіктерін жариялады. 2022 жылдың қазан айында Оңтүстік Қытай теңізінің солтүстік-батыс беткейінде шамамен 1500 метр тереңдіктен батып кеткен ежелгі екі кеме табылды. 2023 жылдың 20 мамырында кеме апатқа ұшыраған жерді су астындағы тексеру орны мен картаға түсірудің тұрақты базасы жарияланды. Сонымен қатар алғашқы іздеу және бейнежазбалар жүргізілу басталып, Қытайдың терең теңіз археологиясының жаңа тарауы ашылды.
people.cn © People's Daily Online