- Барлық ақпарат
Дәстүрлі салтпен Жаз басы амалын қарсы алды (4)
6 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Жаз басы амалы - Қытайдың 24 жыл амалының 7-іншісі. Бұл көктеммен қоштасып, жазға аяқ басуды білдіреді. Бұл амалдан кейін табиғаттағы дүниелер өсіп-өнудің кезеңіне өтеді. Ол әдетте жаңаша күнтізбе бойынша 5-7 мамыр аралығында болады. Биылғы Жаз басы амалы 6 мамыр күні кірді. Елдің әр жерінде түрлі-түсті қоғамдық іс-шаралар өтіп, халық Жаз басы амалын қарсы алды. Мысалы, қызықты дене салмақ өлшеу, жұмыртқа ілу және Жаз басы тағамын жеу сияқты.
Салмақты өлшеу: Қытайдағы көптеген ежелгі патшалықтары семіздікті сұлулық деп санаған, яғни семіздік бақты білдіретін болған. Жазда, ауа-райы ыстық болған кезде адамдардың тәбеті төмендеп, көп күш кетеді де, адамдар оңай салмақ тастайды. Адамдар Жаз басында салмақ өлшесе, олар жазда арықтамай, ауру да алшақ болады деп санаған.
Жұмыртқа ілу: жаздың аптап ыстығы адамды шаршатып, арықтатып, тамаққа тәбетті төмендетеді. Бұл мезгілде балалар әсіресе ауруға бейім келеді. Бұрынғылар Жаз басы амалы күні баланың кеудесіне әшекейленген жұмыртқаларды іліп қойса бала жазда ауырмайды деп санаған.
Жаз басы тағамы: Жаз басы күні кейбір өңірлерде «Жаз басы тағамын» жейді. Дәстүрлі Жаз басы тағамында қызыл, жасыл, қара,көк бұршақтар мен соя қолданылады. Осы бес түсті бұршақтарды күрішпен араластырып, буға пісіреді. Уақыт өте келе және дұрыс тамақтанғысы келетіндердің санының артуына ілесе Жаз басы тағамын дайындау үшін түрлі-түсті бұршақтың орнына бамбук балаусасын, бұршақ, сәбіз, шұжық және басқа да түрлі-түсті тағамдарды қолданатын болды.
people.cn © People's Daily Online