- Барлық ақпарат
26 мамырда Яньди император мекенінде ата-бабаларға сиыну рәсімі өтеді (4)
28 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 27 сәуірде Бейжіңде кезекті сегізінші Қытай Тайвань бұғазының екі жағында ауыл шаруашылқ тәңірі Яньди императордың (аңыздарда күн тәңірі деп айтылады) экономикаға, саудаға және мәдени туризмге инвестиция салу іс-шарасының ақпарат тарату жиналысы өтті. Кездесуде Қытай Тайвань бұғазының екі жағалауындағы отандастардың ауыл шаруашылық тәңірі Яньди императордың (аңыздарда күн тәңірі деп айтылады) мекенінде ата-бабаларға табыну рәсімі 26 мамырда (ескіше календарда сегізінші сәуір күні) Шаньси өлкесінің Гаопин қаласындағы Яньди императордың кесенесінде өтетіні жарияланды.
Шаньси өлкесі Гаопин қаласы - Қытай Тайвань бұғазының екі жағалауындағы жергілікті халық құрметтейтін Яньди императордың туған мекені. Мәліметтерге сәйкес, кезекті сегізінші Қытай Тайвань бұғазының екі жағында ауыл шаруашылық тәңірі Яньди император атындағы экономикаға, саудаға және мәдени туризмге инвестициялар салу шарасы өтіп жатыр. 12 сәуірде басталған шара 31 мамырға дейін созылады.
Шара кезінде халықтық ата-бабаларға табынудың салтанатты рәсімінен басқа, Яньди император ауыл шаруашылығы мәдениеті мен ауылшаруашылық ғылымы және технологиялық инновациялар бойынша жоғары деңгейлі форум, интеллектуалды өндірістің инновациялары мен дамуы бойынша кеңейтілген мәжіліс, экономикалық, сауда және мәдени алмасу саласындағы ынтымақтастыққа арналған семинар сияқты тақырыптық іс-шаралар дәйекті түрде өткізіледі.
people.cn © People's Daily Online