- Барлық ақпарат
Янцзы өзенінің үш қысаңында алғашқы теңіз жаңа энергетикалық жанармай құю терминалы пайдалануға берілді (4)
![]() |
25 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Янцзы өзенінің үш қысаңында алғашқы жаңа энергетикалық сұйытылған табиғи газды құю теңіз терминалы ресми түрде пайдалануға берілді. Жоба Хубэй провинциясының Ичан қаласы Цыгуй ауданының Гуйчжоу қалашығындағы Янцзы өзенінің солтүстік жағалауында, үш қысаң бөгетінен шамамен 36 шақырым жерде орналасқан. Терминалда сыйымдылығы 7000 тонна, жобалық өткізу қабілеті жылына 31000 тонна сұйытылған газ құюға арналған айлақ салынды. Бұл жоба Янцзы өзенінің қорғаныс стратегиясын жүзеге асырудың маңызды шарасы болып табылады. Жоба одан әрі «Янцзы өзенін газдандыру» жобасына жетекшілік етеді. Сол сияқты кемелердің таза энергияны пайдалануына ықпал етіп, ондағы ластаушы зат қалдықтарын азайтады. Янцзы өзенінің экологиялық қорғалуына оңтайлы жағдай туғызады. Сондай-ақ көркем Янцзы құрылысы мен Янцзы өзенінде кеме қатынасының сапалы дамуына көмектеседі.
people.cn © People's Daily Online