2023 жылғы 20-сыншы Шанхай халықаралық автомобиль өнеркәсібі көрмесі ашылды (8)

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 19 сәуір
2023 жылғы 20-сыншы Шанхай халықаралық автомобиль өнеркәсібі көрмесі ашылды

19 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 18-27 сәуір аралығында Ұлттық конгресс-көрме орталығында (Шанхай) 2023 жылғы 20-сыншы Шанхай халықаралық автомобиль өнеркәсібі көрмесі (бұдан әрі 2023 жылғы Шанхай автомобиль көрмесі деп аталады) өтіп жатыр.

2023 жылғы Шанхай автомобиль көрмесі әлемдік автоөндірушілер қатысатын салалық оқиғаға айналды. Көрме нарықтың сенімін арттыруға, автомобильдерді тұтынуды ынталандыруға және салаға көбірек өміршеңдік күш қосуға дем береді.

Көрме кестесінде 18-19 сәуір аралығында БАҚ күні болады, онда тек елдегі және шетелдегі бұқаралық ақпарат құралдары қабылданады. 20-21 сәуір - аралығында кәсіби аудитория күні. Ал 22-27 сәуір аралығында кәсіби және қоғамдық аудитория күні болып бекітілді.

Тілші биыл әлемдегі алғашқы «А» деңгейлі автомобиль көрмесі болып табылатын 2023 жылғы Шанхай автомобиль көрмесі әлемдік автомобиль өнеркәсібінің назарын аударғанын, көрмеге 1 000-нан астам компанияны, соның ішінде ел іші сыртындағы негізгі автомобиль брендтерін, сәнді брендтерді, жаңа энергетикалық брендтерді және мотоцикл компанияларын белсенді қатысуға тартқанын білді.

Бұл көрменің жалпы алаңы 360 000 шаршы метрден асады. Олардың ішінде автомобиль технологиялары мен жабдықтау тізбегі көрмесінің таза көрме алаңы 30 000 шаршы метрден асады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото