- Барлық ақпарат
Ежелгі Лоъи қаласынан Ханфудың сұлулығын сезініңіз (8)
19 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Ежелгі Лоъи қаласында Ханфу (Қытай ұлтының дәстүрлі костюмдері) кию дәстүрінің танымалдығы артып келеді. Тіпті мұнда ханфу киімін киіп, суретке түсу үшін туристер де көбірек келе бастады.
«Лоъи» ― ежелгі дәуірдегі Лоянның ескі атауы. 13 патшалықтың ежелгі астанасы болғандықтан, оны «мәдениеттің қасиетті ошағы» деп атайды. «Орталық жазық паром өткелі» деп танылатын ежелгі Лоъи қаласының көркем мәдени туризм аймағы Хэнань провинциясының Лоян қаласының ескі қаласында орналасқан. Көрініс аймағында тарихи кезеңдердің бірқатар қорғалатын ғимараты орналасқан. Ежелгі қала материалдық емес мәдени мұраларымен сипатталады, дәстүрлі музыка, бейнелеу өнері, медицина және сахналық фольклор бәрі де өз мәнерімен көрсетіледі. Ұлттық, провинциялық және қалалық деңгейлерде 200-ден астам материалдық емес мәдени мұра форматы бар.
«Ханфу + ежелгі қала» саяхат жобасы туристерді қызықтырып, жақын маңдағы 300-ден астам Ханфу дүкендерінің танымал болуына мүмкіндік берді. Статистика көрсеткендей, ежелгі Лоъи қаласы - Тик-Токқа Ханфу бойынша тіркелген ең танымал орын.
Биыл 40-ыншы пион мәдениеті фестивалі кезінде ескі қала Ханфу мәдени фестивалі, Қытайдағы (Лоян) пион гүлдері байқауы және материалдық емес мәдени мұра жобасының көрме апталығы сияқты бірқатар мәдени туризм іс-шарасын ұйымдастырды.
people.cn © People's Daily Online