- Барлық ақпарат
Памир шопандарының бақытты тұрмысы (6)
18 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Тау қойнауындағы Ақтоғаон ауылы және аудан орталығына жақын Айминь ауылы-Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионы Ташқұрған тәжік автономиялық ауданының шопаны Дор Жарманмен етене байланыстағы екі елді мекен.
Ақтоғаон ауылы Памир үстіртінің қойнауындағы терең сайда орналасқан. 52 жастағы Дордың 47 көктем-күзі осы арада өткен. 2018 жылдың қысында Дор отбасы кедейлікті азайтуға бағытталған қоныс аудару саясаты аясында аудан орталығынан шамамен 30 шақырым жерде орналасқан жаңа ауылға қоныс аударды.
Халыққа тиімді саясат аясында Айминь ауылына қоныстанған Дор отбасымен біртіндеп жаңа тұрмысқа бейімделіп, қос қолдарына сүйеніп, дәстүрлі тұрмысына ұқсамайтын жаңа өмірді бастады.
Айминь ауылынан Дор мен кенже баласы бірге дүкен ашып, үлкен ұлы мен екінші ұлы аудан мен ауылдан жаңа қызмет табады. Ал Дор өзіне бөлінген 0.67 гектар жерге малына жем-шөп егеді.
Дор көшіп-қону үшін түйеге жүк артпайтын болды. Оның кіші ұлы жаңа жол салынғаннан кейін ауданнан ауылға, ауданнан Қашқар қаласына дейінгі тасымалдан ақша табуға болатынын біліп, көлік сатып алды.
Тілші жақында жолы түсіп, Айминь ауылына барғанда Дордың ауылдағылармен бірге тәжік ұлтының дәстүрлі көктем мерекесін тойлап жатқанын көреді. Бұндағы адамдардың барлығы көңілді, сондай-ақ олардың болашақтағы жақсы өмірге деген үлкен үміттері мен ұмтылыстары бар.
people.cn © People's Daily Online