Нинбо, Чжэцзян: Сяншань порты арқылы өтетін теңіз көпірінің құрылысы аяқталды (2)

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 17 сәуір
Нинбо, Чжэцзян: Сяншань порты арқылы өтетін теңіз көпірінің құрылысы аяқталды

17 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Чжэцзян провинциясының Нинбо қаласындағы Сяншань порты арқылы өтетін теңіз көпірі ― Қытайдағы теңіз арқылы өтетін алғашқы муниципалды (қала маңындағы) теміржол көпірі. Бүкіл желінің ұзындығы шамамен 61,45 шақырымды құрайды. Оның ішінде Сяншань өзеніндегі көпірдің MTR Road жалпы ұзындығы 8,26 шақырым. Ал теңіз арқылы өтетін бөлігі 6,24 шақырымды құрайды.

Теміржол көпірі ― Нинбо қалалық теміржол желісінің оңтүстік қанаты саналады. Ол Чжэцзян провинциясындағы алғашқы «жалпы өркендеудің демонстрациялық желісі» ретінде орналастырылған. Бұл Нинбоның негізгі қалалық ауданынан Сяншанға дейінгі орташа және ұзақ қашықтықтағы сапарларды, сондай-ақ Нинбо қаласының басты ауданы мен Сяншань қалашығы арасындағы ішкі бағыттарды жүзеге асырады. Сонымен қатар, теміржол көпірі Нинбоның батысындағы интеграцияланған көлік торабының тарату функциясын ескере отырып, Оңтүстік Нинбо аумағын дамытуға мүмкіндік береді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото