Биыл Цзянси өлкесінен Қазақстанға алғашқы Қытай-Еуропа пойызы ашылды (4)

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 17 сәуір
Биыл Цзянси өлкесінен Қазақстанға алғашқы Қытай-Еуропа пойызы ашылды

17 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Маталар, мұздатқыштар, мотоциклдер, күнделікті қолданылатын керамика ыдыстары және басқа да тұрмысқа қажетті бұйымдар тиелген Қытай-Еуропа пойызы 14-інші сәуір күні Цзянси өлкесі Цзюцзяннан жолға шықты. Ол Алашанькоу порты арқылы елден шығып, Қазақстанның Алматы қаласына барады. Тауарлар Орталық Азияның барлық базарларына Алматы вокзалы арқылы жеткізіледі. Бұл биылғы жылы Цзянси өлкесінің Цзюцзянынан Қазақстанға бағыт алған алғашқы Қытай-Еуропа пойыз.

Мәліметтерге сәйкес, Қытай-Еуропа пойызы жалпы салмағы 894 тоннаға жуық, жалпы құны шамамен 27 миллион АҚШ долларын құрайтын 55 контейнерді тасымалдаған. Тауарлар негізінен Чжэцзян өлкесінің Иу қаласы, Анхой өлкесінің Хефей қаласы сынды жерлерден келген. Тауар Цзюцзянның Оңтүстік теміржол вокзалында жиналып, елден теміржол арқылы шығарылды. Тасымалдау уақыты шамамен 7 күнді құрайды. Теңіз арқылы тасымалдаудың бастапқы әдісіне қарағанда уақыт шамамен 15 күнге қысқарды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото