Линъу, Нинся: көгалдандыру арқылы құммен күрескен мекен (4)

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 13 сәуір
Линъу, Нинся: көгалдандыру арқылы құммен күрескен мекен

13 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 2023 жылдың 12 сәуірінде мемлекеттік электр желісінің Нинся бөлімшесіндегі жас еріктілер Мауъусу шөлінің шетінде орналасқан Нинся Линъу Байцзитань ұлттық табиғи қорығы, Далю Маози құмды бақылау аумағында ағаштар мен шөптерді ерікті түрде отырғызды. Соңғы жылдары Нинся экологиялық құрылысқа үнемі күш салып, тау-орман-егістік-көл-шөп-құм жүйесін оңтайландыра бастады. Жерді көгалдандыру бойынша ғылыми ауқымды іс-шаралар жүргізіп, «құмнан шегінуден» «құмды шегіндірудей» тарихи өзгеріске қол жеткізді. Осылайша Нинся елдегі шөлейттену процесін өзгерткен алғашқы провинция болды. Бүгінгі таңда жалпы орманмен және жайылыммен көмкерілу мөлшері сәйкесінше 15,8%-ға және 56,5%-ға жетті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото