Ультра терең судағы атмосфералық кен орнында өндірісті қашықтан басқару жүзеге асты (6)

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 12 сәуір
Ультра терең судағы атмосфералық кен орнында өндірісті қашықтан басқару жүзеге асты

12 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- CNOOC 10 сәуірде жариялаған жаңалыққа сәйкес, ультра терең судағы атмосфералық кен орнында «Терең теңіз №1»-дің қашықтан басқарылатын өндірісін трансформациялау мен оңтайландыру жұмысы аяқтады. Бұл әлемдегі алғашқы қашықтан басқарылатын өндіріс қуаты бар , мұнай өндіруге және сақтауға арналған терең суда жартылай қалқып тұратын ультра үлкен платформа болды.

Мәліметтерге сәйкес, «Терең теңіз №1» атмосфералық кен орны Хайнань аралының оңтүстік-шығыс суларында орналасқан. Максималды жұмыс тереңдігі 1 500 метрден асады. Жылына 3 миллиард текше метр газ өндіретін «Терең теңіз №1» энергетикалық стансасы ― еліміз дербес жобалаған және салған 100 000 тонналық газ өндіретін және сақтайтын әлемдегі алғашқы терең суда жартылай қалқып тұратын платформаны пайдаланады. 2021 жылдың маусымында газ кен орны пайдалануға берілген сәттен бастап жиынтық газ өндіру 4,5 миллиард текше метрден асты. Сондай-ақ терең теңіздегі газ кен орындарын пайдалану мен техникалық қызмет көрсетудің технологиялық жүйесі дербес түрде қалыптасты. Бұл терең теңіздегі газ кен орындарын ашу және пайдалану туралы бірқатар күрделі мәселені шешті.

«Терең теңіз №1» оңтайландырылып болғаннан кейін,400 шақырымнан астам қашықтықтағы Хайкоу басқару орталығы терең теңізде орналасқан газ кен орындарында өндірістік операцияларды қашықтан басқаруды жүзеге асыра алады. Сонымен бірге теңіз дауылы кезінде қауіпсіз және тұрақты өндірісті үздіксіз қолдау мүмкіндігіне ие.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото