- Барлық ақпарат
410 миллион жыл бұрын өмір сүрген тоғыз құйрықты сауытты балық қалдықтары ертедегі балықтардың жүзу жылдамдығын анықтауға жәрдемдесті (2)
11 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 10 сәуірде Қытай Ғылым академиясының омыртқалы жануарлар және ертедегі адамзат институтының ғылыми-зерттеу тобының ғалымдары Гай Чжикунь, Линь Сянхун және Шань Сяньрэнь Ұлыбританиядағы Бристоль университетімен бірлесе отырып, шамамен 410 миллион жыл бұрын Гуансидегі ерте девонның ежелгі балықтарының арнайы көмілген биотасынан табылған алғашқы толық сақталған тоғыз құйрықты сауытты балық қазбаларын зерттеу нәтижесін мәлімдеді. Бұл сауытты балықтардың жүзу қабілеті жылдам жүзушілер тобына жататынын және олардың круиздік жүзу жылдамдығы кейбір жетілдірілген мандибулярлық балықтардан да шапшаң екені дәлелденді. Осылайша дәстүрлі «белсенді жыртқыштық стратегия мандибулярлық балықтардың өмірге келуіне себепші болды» деген болжамды жоққа шығарды.
people.cn © People's Daily Online