Бірінші тоқсанда Қорғас портында халықаралық жолаушылар автобусы арқылы 14 000-нан астам жолаушы тасымалданды (2)

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 6 сәуір
Бірінші тоқсанда Қорғас портында халықаралық жолаушылар автобусы арқылы 14 000-нан астам жолаушы тасымалданды

6 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Қорғас халықаралық жолаушылар терминалының статистикасына сәйкес, биылдың бірінші тоқсанында Қорғас портында халықаралық жолаушылар автобусы арқылы 14 000-нан астам жолаушы және 670 маршруттық автобустар жіберілген.

Қазіргі уақытта Қорғас халықаралық жолаушылар терминалы барлығы 3 жол ашты, оның екеуі ішкі желі, ал біреуі Қазақстанның Алматы, Жаркент қалаларына жөнелтілетін халықаралық желі.

Қорғас халықаралық жолаушылар терминалы стансасының бастығы Ван Юн былай деді: «Қорғастан Жаркент қаласына дейінгі 37 шақырым жолға 10 халықаралық интермодальды автобус айналмалы ауысыммен халықаралық рейстерді тасымалдауға тағайындалды. Келесі кезеңде біз Қытай мен Қазақстан арасында саяхаттайтын жолаушыларға қолайлы сервисті қамтамасыз ету үшін Алматыға тікелей бағыт ашамыз».

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото