- Барлық ақпарат
Қытай Тяньлун II Y1 зымыран тасығышын сәтті ұшырды (4)
(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 3 сәуір
3 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Бейжің уақыты бойынша 2023 жылдың 2 сәуірінде сағат 16:48-де Тяньлун-2 Y1 зымыран тасығышы Қытайдың Цзюцюань спутниктік ұшыру орталығында алғашқы ұшуын орындап, Ai Space Science спутнигін жоспарланған орбитаға сәтті жеткізді. Сөйтіп, ұшыру миссиясы толық аяқтады. Бұл бірінші ұшу сынағының негізгі мақсаты ― зымыран тасығыштың жалпы жоспарының дұрыстығы мен әртүрлі жүйелер арасындағы үйлесімділікті тексеру. Сондай-ақ зымыран тасығыштың ұшу тәртібінің бүкіл параметрлерін айқындау. Ai Space Science спутнигі негізінен қашықтықтан зондтау арқылы кескін алу эксперименттері сияқты техникалық тексеру үшін қолданылады.
Бұл Тяньлун II зымыран тасығышының алғашқы ұшу миссиясы болып табылады.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online