- Барлық ақпарат
Қытайдағы алғашқы шалғай мұхитта 10 000 тонналық су асты байланыс кабельдерін төсеу кемесі Цзянсиде суға жіберілді (2)
31 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 29 наурызда Цзянси өлкесінің Жуйчан қаласы Сячаохуда Қытайдағы алғашқы 10 000 тонналық «Лунъинь 9» атты шалғай мұхитта суасты байланыс кабелдерін төсеу кемесі суға жіберілді. Позициялауды басқару жүйесімен жабдықталған кеме толықтай электр қуатымен қозғалады. Кемені зерттеу және әзірлеу, жобалау және өндіруді еліміз тұтастай дербес орындаған.
«Лунъинь 9»-дың жалпы ұзындығы 155 метр, ені 23,2 метр. Электр қуатының бір реттік төзімділігі 60 күнге жетеді, максималды жылдамдығы 15 түйін, бір жолда 10 000 тонналық кабельді тией алады. Бұл Қытайдан басталып Тынық мұхитын аттайтын су астындағы оптикалық кабельдерді төсеуді бір жолда аяқтай алады.
«Лунъинь 9» суға түсірілгеннен кейін қосымша жабдықтау жұмыстары жүргізіліп, осы қыркүйекте іске қосылады деп күтіліп отыр. Кеме суасты кабельдерін төсеу қызметтерін, сондай-ақ көму, техникалық қызмет көрсету және басқа да теңіз инженерлік қызметтерін ұсынады. Бұл - Қытайдағы теңіз инженерлік кабелін салуға арналған алғашқы кеме. Ол іске қосылғаннан кейін әлемдік озық деңгейге жетеді.
people.cn © People's Daily Online