Әлемді жарықтандырған Цзыгун шамдар фестивалі (10)

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 1 наурыз
Әлемді жарықтандырған Цзыгун шамдар фестивалі

1 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 29-ыншы Цзыгун халықаралық динозавр шамдары фестивалі ашылғаннан бері өзінің әдемі де айбынды пейзаждарымен туристерді таң қалдырды. Тиісті бейнелер мен фотосуреттер бүкіл интернетте кең таралып, қызу талқыланды.

Ежелгі заманнан бері Қытайда әр жылы көктем фестивалі мен шамдар фестивалінде фонарь жағу дәстүрі болған. Сычуань өлкесінің оңтүстік-шығысында орналасқан Цзыгунде шам фестивалінің мыңдаған жылдық тарихы бар. Бүгінгі таңда Цзыгун елдегі шамдар өндірісінің 80%-ын қамтып қана қоймай, сонымен қатар әлемдік шамдар көрмелерінің 95% -ына тапсырыс алады.

Цзыгун шамдар фестивалі Тан және Сун әулеттері кезінде басталды және ұлттық материалдық емес мәдени мұра болып табылады. Цзыгун шамдар фестивалі Қытайдың 500-ден астам қаласында және 80-нен астам елдер мен шетелдегі аймақтарда көрсетілді. 500 миллионнан астам туристер шамдарды тамашалайды. Цзыгун шамдары Германияның Гамбургтегі G20 саммитін, ЭКСПО-ны, дүниежүзілік көрмені және қысқы Олимпиаданы жарықтандырды. Ол жарық шоуының ішкі нарығының 85%-ын және сыртқы нарықтың 92%-ын үлесіне алады.

Сычуань жарық және химиялық технология университетінің Бейнелеу өнері мектебі мен шамдар мектебінің деканы Хуан Лэй биылғы шамдар фестивалінің көркемдік жетекшілерінің бірі болып табылады. Оның айтуынша, бұл реткі Цзыгун шамдар фестивалінің ғылыми-технологиялық мазмұны айтарлықтай жоғары VR виртуалды сандық технологиясын қолданды. Киберспорт тақырыбы мен «киберпанк» стиліндегі шамдар жиынтығы жасампаздыққа толы болды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото