Қытайдың жоғары жылдамдықты теміржол вокзалында ең үлкен ақылды шатыр терезесі салынды (3)

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 24 ақпан
Қытайдың жоғары жылдамдықты теміржол вокзалында ең үлкен ақылды шатыр терезесі салынды

24 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 23 ақпанда жаңадан салынған Сямэнь Солтүстік теміржол вокзалында шамамен 1400 шаршы метрлік шатырдың құрылысы аяқталып, іске қосылу рәсімі сәтті болды. Бұл Қытайдағы жоғары жылдамдықты теміржол вокзалында ауданы жағынан ең үлкен шатырдың модульдік индукциялық ашылу мен жабылу жүйесінің құрылып болғанын білдіреді. Жаңадан салынған Сямэнь Солтүстік теміржол вокзалы ― Қытайдағы теңіз арқылы өтетін алғашқы жүрдек теміржол саналатын Фуцзянь-Сямэнь жүрдек теміржолын салу кезіндегі ең қиын станция, оның құрылысы 250 000 шаршы метрді құрайды. Құрылыс аяқталғаннан кейін Сямэнь Солтүстік теміржол вокзалының жалпы ауқымы 13 бірлік пен 27 желіге, ал жылдық жолаушылар ағыны 50 миллион жолаушыға жетеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото