- Барлық ақпарат
Гуйянда Қытайдың үлкен деректер индустриясының халықаралық көрмесі өтеді (4)
![]() |
21 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- «Қытайдың үлкен деректер индустриясының халықаралық көрмесі 2023» тақырыбына арналған баспасөз конференциясы өтті. «Қытайдың үлкен деректер индустриясы 2023» халықаралық көрмесі 26-28 мамыр аралығында Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу өлкесінің орталығы Гуйянда өтетіні белгілі болды.
Іс-шарада көрменің салтанатты ашылу және жабылу рәсімдері, жоғары деңгейдегі диалогтар, форумдар, үлкен деректер индустриясының жаңа технологияларының, жаңа өнімдердің, жаңа шешімдер мен жаңа қосымшалардың офлайн-көрмелері, үлкен деректер саласындағы жетістіктердің тұсаукесерлері, конкурстар, инвестициялық және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады.
2015 жылы Гуйянда өткізілгеннен бері көрме Қытайдың үлкен деректерді әзірлеу және жаһандық үлкен деректер ресурстарын жинау саласындағы жетістіктерін көрсететін халықаралық платформаға айналды.
Гуйяндағы Гуйань Жаңа аумағы ― Қытайдағы үлкен деректерді кешенді пайдалану жөніндегі Ұлттық пилоттық аймақтың өзегі, сондай-ақ әлемдегі ең үлкен деректер орталықтары бар аймақтардың бірі.
Гуйянда сонымен қатар цифрлық экономика мен нақты экономиканы терең интеграциялау мақсатында өнеркәсіптік жәрмеңке өткізіледі.
people.cn © People's Daily Online