- Барлық ақпарат
Цунцзян, Гуйчжоу: Яожайдағы «Микробастауыш мектеп» оқуды бастады (2)
20 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Гуйчжоу өлкесінің Цяньдуннан Мяо және Дун автономды облысы Цунцзян ауданындағы тау қойнауында орналасқан Сишань қалашығы Чжунчжай оқу орталығындағы «микробастауыш мектепте» 1 мұғалім мен 16 оқушы бар. Мектептің барлық оқушылары Яо ұлтынан тұрады. Бұл оқу орталығы болғанымен, мектеп мәдениеті, дене шынықтыру, еңбек және ұлттық мәдениет бойынша курстар ашылған.
Соңғы жылдары оқыту жағдайы біртіндеп жақсарып, тозығы жеткен оқу үйлері мен топырақты алаңдар үш қабатты оқу ғимараттары мен цемент баскетбол алаңдарына айналды. Сондай-ақ, мектептегі спектакль сахнасы жаңартылып, оқушыларға тегін түскі ас берілетін болды. Мұғалім мектепті өз үйіндей көреді. Ауыл тұрғындары да мұғалімді құрметтеп, оның педагогикалық қызметін жоғары бағалайды. Сонымен бірге мектепті қоғамның әр саласындағы жомарт жандар қолдай бастады. Қазір таудың түкпірінде орналасқан Яожайдағы бұл «микробастауыш мектеп» тамаша өзгерістерді бастан өткізіп жатыр.
people.cn © People's Daily Online