- Барлық ақпарат
Жүздеген тауешкілер Шыңжаңдағы Қарашәр ауданының тауында жайылып жүр (2)
7 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Соңғы күндері Шыңжаңның Байынғолын Моңғұл автономиялы облысы Қарашәр ауданының таулы өңірінде жүздеген тауешкілер тобымен жайылып, тамаша көрініс қалыптастырды. Жартастарда асыр салған тауешкілер осы өңірдегі қыстың көркін ажарлай түсті.
Тауешкілер ұлттық екінші дәрежеде қорғалатын негізгі жабайы жануарлар. Олар негізінен теңіз деңгейінен 3000-6000 метр биіктіктегі үстірттің жалама жартастарын және тау баурайындағы қорымды жерлерді мекендейді.
Соңғы жылдары Шыңжаңның Қарашәр ауданындағы экологиялық жағдай жақсарып келеді. Сонымен бірге тиісті бөлімдер жабайы жануарлар мен өсімдіктерді насихаттау мен қорғауды күшейтті. Тауешкі, арқар, қарақұйрық, су құстары сияқты жабайы жануарлар да топтанып, жиі көзге түсетін болды.
people.cn © People's Daily Online