Гуансидың солтүстік шығанағы порты жүк көтергіштігі 200 000 тонна болатын автоматтандырылған контейнер терминалы дәуірін ашты (3)

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 4 қаңтар
Гуансидың солтүстік шығанағы порты жүк көтергіштігі 200 000 тонна болатын автоматтандырылған контейнер терминалы дәуірін ашты

4 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында үш ірі контейнерлік терминалдың жағалау жүк көтергішін және бір рельсті кранды тасымалдаған арнайы «Чжэньхуа 31» көлік кемесі Циньчжоу портына аман-есен кірді. Қазіргі уақытта Циньчжоу автоматтандырылған контейнер терминалының екінші кезегіндегі сыйымдылығы 200 000 тонна терминал жобасы жағалау жүк көтергіш жабдықтарын орнатуды және автоматтандыруды іске қосу сатысына енді.

Циньчжоу автоматтандырылған контейнер терминалының екінші кезегі жиыны 7 автоматтандырылған қос арбалы жағалау жүк көтергішімен жабдықталған. Бұл жолы портқа келген үш жағалау жүк көтергіші ― Қытайдағы ең үлкен жағалаудағы кран құрылғыларының бірі болып табылатын қос арбалы автоматтандырылған жағалау жүк көтергіш. Алдыға ұзарту қашықтығы 70 метр, таратқыштың астындағы номиналды жүктеме 70 тонна, негізгі көтеру биіктігі 50 метр, негізгі арбаның артқы ұзарту қашықтығы 16 метр, ал портал арбасының артқы ұзарту қашықтығы 24 метр. Бұл 200 000 тонналық кемелердің пайдалану қажеттіліктерін көтере алады. Сонымен қатар жағалау жүк көтергіші бөлінетін таратқышпен жабдықталған, ал негізгі көтергіш бір уақытта екі 40 фут немесе төрт 20 фут контейнерді көтере алады. Бұл жұмыс тиімділігін арттырады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото