Бочжоу, Анхой: Қатал қыстағы электр желісі қызметкерлерінің қарбаласы (3)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 27 желтоқсан
Бочжоу, Анхой: Қатал қыстағы электр желісі қызметкерлерінің қарбаласы

27 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 2022 жылдың 25 желтоқсанында Аньхой өлкесі, Бочжоу қаласы, Оян ауданы, Онань қалашығы, Цзянчжуан ауылының құрылыс алаңында, энергетиктер Bozhou II 500 кВ электр энергиясын беру және түрлендіру жобасы үшін биіктіктегі жоғары вольтті желілерді орнатты.

Ақпараттарға сәйкес, Аньхой өлкесінің Бочжоу қаласындағы 500 кВ электр энергиясын беру және түрлендіру бойынша екінші жобаның жалпы инвестициясы 1,126 миллиард юань, ұзындығы 142 шақырым. Нысанды 2023 жылдың мамыр айында пайдалануға беру жоспарлануда. Bozhou II электр энергиясы жобасы іске қосылғаннан кейін, Бочжоу өңірінің желілік құрылымын одан әрі жақсарту және энергиямен қамтамасыз етудің сенімділігі мен қабілетін анағұрлым арттыру үшін Сяху, Чиюань, Цихуай, Менчэн және Лэту сияқты 220 кВ бес қосалқы станция үшін тоғыз 220 кВ желі құрылады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото