Жүк көтергіштігі 3000 тонна болатын жел қондырғысын орнататын кеме пайдалануға берілді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 21 желтоқсан
Жүк көтергіштігі 3000 тонна болатын жел қондырғысын орнататын кеме пайдалануға берілді

21 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 20 желтоқсанда суретке түсірілген жүк көтергіштігі 3000 тонналық жел қондырғысын орнатушы кеме.

Сол күні Цзянсудың Qidong COSCO Shipping Marine Engineering компаниясы жасаған N966 өздігінен көтерілетін жел қондырғысын орнатушы кеме шетелдік тапсырыс берушілерге табыс етілді. Хабарламаларға сәйкес, кеменің негізгі кранының жүк көтергіштігі 3200 тоннадан асады. Максималды көтеру биіктігі 325 метр, судағы максималды жұмыс тереңдігі 80 метр, пайдалы жүктеме 16000 тоннадан жоғары кеме еуропалық бесінші деңгейлі шығарындылар стандартына сәйкес келеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото