Ұлттық нұсқа ресурстық кітапханасы және Қытай мәдениеті тұқымдарының гендік банкі салынды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 13 желтоқсан
Ұлттық нұсқа ресурстық кітапханасы және Қытай мәдениеті тұқымдарының гендік банкі салынды

13 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Бейжіңнің орталық осінен солтүстік бағыттағы Яншань тауының етегінде, қарапайым және талғампаз сәулет кешендерінің тобы орналасқан. Оңтүстіктен солтүстікке қарай, абаттандырылған бақ ішіне басты және қосалқы ғимараттар қатар салынған. Бұл Қытайдың Ұлттық кітапханасының жаңадан жасақталған орталық штаб-пәтері.

Орталық бас ғимаратта 16 миллионнан астам том кітаптар және ондаған мың экспонаттар бар. Ұлттық нұсқалардың мәңгілік қауіпсіз сақталуына баса мән беретін бұл Ұлттық нұсқа ресурстық кітапханасы және қытай мәдениеті тұқымдарының гендік Банкі архитектуралық дизайнымен ерекшеленеді.

Ұлттық нұсқа ресурстық кітапханасы және қытай мәдениеті тұқымдарының гендік банкі ретінде ұлттық нұсқа кітапханасы Орталық бас кітапханадан (Вэньхань павильоны), Сиань филиалынан (Вэньцзи павильоны), Ханчжоу филиалынан (Вэньжунь павильоны) және Гуанчжоу филиалынан (Вэньцинь павильоны) тұрады.

Хабарламаларға сәйкес, "1+3" сақтау жүйесінің мақсаты мәдени қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Бұл үш филиал Орталық бас кітапхананың апаттан сақтау орталықтары болып табылады. Негізгі және қосалқы кітапханалар нұсқалардың сақтық көшірмесін өзара бірлесіп сақтайды. Әрі ұлттық нұсқа ресурстарын әртүрлі апаттардан қорғалуын және мәңгілік қауіпсіз сақталуын қамтамасыз етеді. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото