Қытайға Air Serbia компаниясының алғашқы тікелей рейсі қонды (4)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 12 желтоқсан
Қытайға Air Serbia компаниясының алғашқы тікелей рейсі қонды

12 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 10 желтоқсанда Тяньцзинь Бинхай халықаралық әуежайына JU702 рейсі қонды.

Сол күні бортында 170-ке жуық жолаушы болған JU702 рейсі Тяньцзинь Бинхай халықаралық әуежайына аман-есен қонды. Бұл Белград-Тяньцзинь тікелей әуе қатынасының ресми ашылуын білдіреді.

Ақпаратқа сәйкес, рейсті Air Serbia авиакомпаниясы орындайды. Airbus A330-200 ұшақ моделі аптасына бір рет қатынайды. Бір бағытқа ұшу ұзақтығы шамамен 10 сағат. Бұл сонымен қатар Air Serbiaның қолданыстағы брендімен (AirSERBIA) Қытайда ашқан алғашқы бағыты болып табылады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото