- Барлық ақпарат
Әлемдегі алғашқы C919 ұшағы ресми түрде жеткізілді және 2023 жылдың көктемінде коммерциялық жолаушылар қызметіне енгізіледі деп күтілуде
(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 9 желтоқсан
9 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 9 желтоқсанда China Eastern Airlines отандық үлкен C919 ұшағының әлемдегі алғашқы пайдаланушысы ретінде алғашқы B-919A нөмірлі ұшақты ресми түрде алды. Бұл нарықтағы негізгі алғашқы қадамның жасалғанын білдіреді. Әрі 2023 жылдың көктемінде коммерциялық жолаушылар тасымалына қолданылады деп жоспарлануда.
Осыдан бұрын Шығыс Қытай аймақтық авиация басқармасы COMAC-қа отандық C919 үлкен ұшағын шығаруға лицензия берді. Бұл үлкен C919 жолаушылар ұшағының жаппай өндірісінің басталуын білдіреді дееп жазған болатынбыз.
Қытайдың азаматтық авиация әкімшілігі 15 ұшқыштың C919 әуе кемесінің түрі бойынша біліктілікке ие болғанын да хабарлағанбыз.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online