Циндао-Цзинань теміржолындағы 100 жылдық болат көпір «жасарды» (3)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 7 желтоқсан
Циндао-Цзинань теміржолындағы 100 жылдық болат көпір «жасарды»

7 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 5 желтоқсанда Циндао-Цзинань теміржолы Циндао жағалау учаскесінің 100 жылдық тарихы бар болат көпірдің арқалығын ауыстыру сәтті аяқталды. Мәліметтерге сәйкес, көпір 1901 жылы салынған. Салынған уақытына ғасыр толған көпірдің кей жерлері тозған. Осыған байланысты теміржол салушылар модельдеу, деректерді тексеру және басқа да техникалық құралдардың көмегімен ескі арқалықтарды бөлшектеп, жаңа арқалықтарды ауыстыру дәлдігін қамтамасыз ету, болашақта осы жол учаскесінде көліктердің қауіпсіз жүруіне кепілдік беру үшін арқалықтарды кешенді ауыстырудың инновациялық процесі енгізілді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото