Еліміз әлемде бірінші рет күріштің «тұқымнан тұқымға дейінгі» бүкіл өмірлік циклінің ғарыштық экспериментін аяқтады (6)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 6 желтоқсан
Еліміз әлемде бірінші рет күріштің «тұқымнан тұқымға дейінгі»  бүкіл өмірлік циклінің ғарыштық экспериментін аяқтады

6 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 5 желтоқсанда Қытай Ғылым академиясы ғарыштық қолданбалы орталығының Биологиялық зертханасында Қытай Ғылым академиясының өсімдіктер молекулалық ғылымындағы шеберлік және инновация орталығының зерттеушісі Чжэн Хуйцюн ғарыштан қайтарылған күріш үлгілерін өңдеуден өткізді.

Тілшінің Қытай Ғылым академиясының өсімдіктер молекулалық ғылымындағы шеберлік және инновация орталығынан алған ақпаратына сәйкес, Шэньчжоу-14 басқарылатын миссиясын сәтті аяқтаған үш астронавтың аман-есен оралуымен 120 күндік толық өмірлік циклді аяқтаған күріш пен арабидопсис тұқымдары да ғарыштан бірге оралды. Осылайша еліміз әлемде бірінші рет күріштің «тұқымнан тұқымға дейінгі» бүкіл өмірлік циклінің ғарыштық экспериментін аяқтады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото