2022 жылғы «Интернет шуағы» көрмесі ресми түрде ашылды (6)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 9 қараша
2022 жылғы «Интернет шуағы» көрмесі ресми түрде ашылды

9 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 8 қарашада таңертең 2022 жылғы «Интернет шуағы» көрмесі Wuzhen Internet Light Expo орталығының A залында ресми түрде ашылды.

Биылғы жылы көрмеге 40-тан астам ел, 400-ден астам компаниялар мен мекемелер қатысты.

Көрме – көрме аймағы, жаңа өнімдер мен технологияларды таныстыру, дарындылардың басқосуы сияқты үш негізгі шарадан тұрады. Жаһандық цифрлық экономикадағы өнеркәсіптік ынтымақтастық пен алмасудың маңызды терезесін құруға бағытталған.

Huawei, China Telecom, Kaspersky, Infosys, Epson және басқа да танымал қытайлық және шетелдік компаниялар әртүрлі көрме орындарында соңғы озық ғылыми және технологиялық жетістіктерді көрсетті.

2022 жылғы «Интернет шуағы» көрмесінде алғаш рет бір мезгілде онлайн және офлайн қызметтері іске қосылып, 270 - тен астам қытайлық және шетелдік компаниялар көрме алаңында нақты көрсетілімдер өткізеді. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото