Гуйчжоуда он мың адам Мяо жаңа жылын тойлау үшін Ұзын үстел банкетін ұйымдастырды (10)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 2 қараша
Гуйчжоуда он мың адам Мяо жаңа жылын тойлау үшін Ұзын үстел банкетін ұйымдастырды

2 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 31 қазанда, Қытайдың ай күнтізбесі бойынша қазанның жетісі, Мяо Жаңа жылы атап өтілді. Гуйчжоу өлкесінің Цяньдуннань Мяо-Дон автономды облысында Ұзын үстел банкеті ұйымдастырылды.

Мерекелік киімдер киген Мяо бауырластар Мяо жаңа жылын атау шарасына қатысуға келген қонақтарға әнмен тост ұсынып, ерекше тағамдармен бөлісті. Көпшілік күзгі мол өнімнің қуанышын тойлап, дәстүрлі мерекені бірге атап өтті.

Мяо жаңа жылы - бауырлас Мяо ұлты үшін мол өніммен құттықтау, ата-бабаларын еске алу, көк пен жерге алғыс айтатын дәстүрлі мереке. Бұл сонымен қатар Мяо бауырластары үшін жылдың ең маңызды фестивалі. Ол Қытайдың материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізілген.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото