5-інші халықаралық импорт көрмесінің ұлттық онлайн көрмесі ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 25 қазан
5-інші халықаралық импорт көрмесінің ұлттық онлайн көрмесі ашылды

25 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 24 қазанда 5-інші халықаралық импорт көрмесінің ұлттық онлайн көрмесі Ұлттық конгресс-көрме орталығында (Шанхай) ашылып, әлемнің барша көрерменін бес континенттен құралған аудиовизуалды мерекені тамашалауға шақырды. Сол күні «Digital EXPO» платформасы, инновацияларды инкубациялау аймағының марапаттары, EXPO «бұлтты сериясының» басқа да іс-шаралары іске қосылды.

Хабарларға қарағанда, биыл онлайн-ұлттық көрмеге барлығы 66 ел мен 3 халықаралық ұйым қатысқан. Олардың ішінде 30 елдің демонстрациялық көрсетілімі алғаш рет сынақтан өтті және көптеген елдер ұлттық онлайн-көрмеге алғаш рет қатысып отыр. Биылғы жылы қатысушыларға көрмеден маңызды тәжірибе алуға мүмкіндік беретін жаңа онлайн-шоу технологиясы енгізілді.

Көрменің «бұлтты сериясы» 5-інші импорт көрмесінің алғашқы платформасы болып табылады. Қазіргі уақытта 300-ден астам көрме қатысушылары онлайн көрсетілімдерді бастады. Халықаралық импорт көрмесінің инновациялық-инкубациялық аймағы алғаш рет үш түрлі марапаттты ұсынып отыр. Олар: ең танымал марапат, нарықтағы ең үлкен әлеует сыйлығы және үздік ұйым сыйлығы. Инновациялық-инкубациялық аймақ көрмеге 20-дан астам елдер мен аймақтардан 150-ге тарта ғылыми-техникалық компанияларды қызықтыра алды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото