- Барлық ақпарат
Танымал көрініс орындарында автономды жүргізу моделі іске қосыла бастады (2)
13 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында, Аньхой өлкесі, Хэфэй қаласы, Биньху Ұлттық орман саябағында автономды жүргізу моделін қолдану бойынша пилоттық жоба ресми түрде іске қосылды.
Бұл сондай-ақ елдегі интеллектуалды көлікті қолдану бойынша пилоттық жобалардың алғашқыларының бірі.
Жобаның негізгі мазмұны - Хэфэй Биньху Ұлттық орман саябағын қамтыған көрініс орындарында автономды экскурсиялық көліктерді, зат сатуға арналған жүргізушісіз көліктерді, жүргізушісіз тазалық жасау машиналарын және басқа өздігінен жұмыс жасайтын көліктерді пайдалану арқылы, интелектуалды саябақ салу, туристерге қолайлы қызмет көрсету.
Сонымен қатар, мұнда жобаның жұмыс жағдайы туралы есеп жасалып, көрініс орындары үшін автономды жүргізу моделін пайдалану және басқару тәжірибесі жинақталады.
people.cn © People's Daily Online