«Теңіз Жібек жолының» мыңжылдық ежелгі порты - Вэньчжоу Шуомен байырғы порты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 12 қазан
«Теңіз Жібек жолының» мыңжылдық ежелгі порты - Вэньчжоу Шуомен байырғы порты

12 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 2021 жылдың соңында Чжэцзян өлкесінің Вэньчжоу қаласындағы инфрақұрылымды археологиялық қазу кезінде ежелгі Шуомен портының жұрты табылды. Өлкелік және қалалық мәдени жәдігерлер мен археология институты дереу археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, ежелгі архитектураның, батып кеткен кеменің және Сон мен Юань патшалықтарының көптеген фарфор бұйымдарының жақсы сақталған қалдықтарын тапты. 28 қыркүйекте мемлекеттік мәдени жәдігерлер басқармасы Вэньчжоудағы ежелгі Шуомен портының жұртындағы ірі археологиялық жаңалықтар туралы жариялаған баспасөз мәслихатын өткізді. Бұл «Теңіз Жібек жолын» зерттеуге маңызды дәлел болды. Қазіргі уақытта археологтар ежелгі порт жұртында қосымша қазба жұмыстарын жүргізуде. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото