Мэнтянь ғарыш станциясының эксперименттік модулі жанармай құюды аяқтады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 11 қазан
Мэнтянь ғарыш станциясының эксперименттік модулі жанармай құюды аяқтады

11 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың басқарылатын ғарыш техникасы басқармасының мәліметі бойынша, Бейжің уақытымен 2022 жылдың 9 қазанында ғарыш станциясының эксперименттік Мэнтянь модулі жоспарға сәйкес жанармай құюды аяқтады.

Мэнтянь эксперименттік модулі Вэньчан ғарыш айлағына келгеннен бері оның техникалық аймағын құрастыру мен сынақтан өткізу жұмысы дәйекті түрде аяқталды. Болашақта «Чанчжэн 5B Y4» зымыран тасығышымен бірге жүйенің функциялары тексеріледі.

Қазіргі уақытта Вэньчан ғарыш айлағының қондырғылары мен жабдықтары жақсы жағдайда. Әрбір қатысушы жүйелердің ұшуға дайындығын ретімен ұйымдастыруда.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото