- Барлық ақпарат
Жер сілкінісі болған елді мекендердегі жаңалықтар (17)
![]() |
8 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Сычуань өлкесінің Я-ань қаласына қарасты Шэмянь ауданы, Ванганпин И-тибет ауылының Синфу елді мекені Даганшан су қоймасына жақын. Жер бедері қауіпті елді мекенде тұрғын үйлер бар. 5 қыркүйектегі жер сілкінісінен кейін Синфу аймағындағы жол, жарық, су жүйесі бұзылып, байланыс үзілді.
Жер сілкінісінен кейін еліміздің түкпір-түкпірінен жеткен құтқару күштері зардап шеккен адамдарды көшіріп, ауыл тұрғындарына қираған үй-жайларындағы заттарын табуға көмектесті. Төтенше жағдайлар министрлігінің «Оңтүстік әуе жолдары» орман күзеті стансасының құтқару тікұшағы күн сайын әуе арқылы азық-түлік, су және басқа да қажетті материалдарды жеткізіп, қарттарды, мүмкіндігі шектеулі жандарды, науқастарды және қамқорлықты қажет ететін адамдарды қауіпсіз жерлерге орналастыруда.
people.cn © People's Daily Online